Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектеп тарихы


Қобда аудандық балалар музыка мектебі аудан тарихында  тұңғыш рет 1974 жылы шаңырақ көтерді.  Сол кезде  мектепте  тек алғашқы директоры Айберген Асарұлы Айтпаевпен екі мұғалім ғана қызмет жасады. Музыка мектебінің  оқу корпусы 1930жылы салынған аудандық клуб кейіннен аудандық Мәдениет үйі болған ғимарат беріліп, ауданда бірінші рет ауыл балаларына музыкалық білім беру бойынша жұмысы басталып кетті.

Мектептің материалдық базасы нығайтылып, домбыра, баян,қобыз,пианино аспаптары алынды. Ноталар жинағы мен сабаққа қажетті әдебиеттермен қамтылды. Арнаулы музыкалық жоғары білімді мамандармен толықтырылды.

1976жылы музыка мектебінің мұғалімдерімен оқушыларынан қазақ ұлттық аспаптар оркестрі құрылып, бірінші рет аудандық Мәдениет Үйінде көрермендерге концерт берілді.Мектептің оқу базасы нығая келе, ауданның елді мекендерінде филиалдар ашылып,ауданнан алыс ауылдардағы балалардың музыкадан сауат ашуына  мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда ауылдық округтерде мектептің филиалдары жұмыс жасайды. Мектебімізде домбыра, қобыз, фортепиано, дәстүрлі ән, вокал, баян кластары,жетіген,дизайн, музыкаға бағытталған мектепке дейінгі мектеп алды даярлық студиясы,ансамбль, оркестр, хор сабақтары жүргізіледі.

Мектеп жанынан құрылған ұлттық аспаптар оркестрі, кіші ансамбль, аудандық, облыстық деңгейде өтетін мәдени-қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып отырады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде шәкірттеріміз жыл сайын барлық жанр түрлерінен Халықаралық,Республикалық, Облыстық, Аудандық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. 

2024-2025 оқу жылында аталмыш өнер ордасының ашылғанына  50 жыл толды.
Қазіргі таңда 327 оқушы бар.

11 бағыт бойынша 29 мұғалім қызмет жасайды.
2024 жылдың қазан айынан бастап мектеп басшылығына Айсина Асыл Орынбасаровна жаңа басшы болып тағайындалды.

  Мектебіміздің басшылары:

Айтбаев Айберген Асарұлы  1974-2010жыл
Нурмагамбет Марат Жаксылыкович 2010-2013жыл
Телемисов Сандыбай Зупарович 2013-2017жыл
Нурмагамбет Марат Жаксылыкович 2017-2024 жыл
Айсина Асыл Орынбасаровна 2024 жылдан бастап