Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Нұрмағамбет (Махамбетов) Марат Жақсылықұлы

Туған жылы: 02.03.1974

жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Қызметі: «Қобда аудандық балалар өнер мектебі» МКҚК директоры

Бітірген оқу орны: Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемлекеттік университеті

Білімі: Жоғары

Мамандығы: Музыка және ән айту

Еңбек өтілі: 29 жыл  2 ай

Санаты: Жоғары

1974 жылы 2 наурызда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келді.

1981-1989 жылдар аралғында Шалқар қаласындағы Ә.Жангельдин атындағы қазақ орта мектебінде оқыды.

1984-1989 жылдар аралығында Шалқар қаласында балалар музыка мектебінде оқып жүріп 1988 жылы облыстық жас музыканттар конкурсында жүлделі 1 орын алып республикалық байқауға қатысты.

1989-1994 жылдар аралығында Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесінде оқып, домбыра класының мұғалімі, артист –инструменталист мамандығы бойынша диплом алды.

1992-1994 жылдар аралығында халық артисі Нұрғали Нүсіпжановтың қарамағындағы «Жазира» ансамблінде;

1994 жылы Шалқар қаласындағы балалар балабақшасында музыкант болып жұмыс істеді.

1994 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық университетінің музыка факультетіне оқуға түсіп, 1998 жылы тәмамдады.

1998-2004 жылдар аралығында Қобда ауданындағы Тентекқара негізгі мектебінде жұмыс жасады.

2004 жылдан бастап Қобда балалар музыка мектебінде домбыра класынан дәріс беріп, 2010-2013 жылдары балалар музыка мектебін басқарды.

2017 жылдан бастап басқарып келеді.

Ауданымыздағы мерекелік шараларда өз өнерін көрсетіп келеді. «Кең дала» этно-фольклорлы ансамблінің негізін қалаушы.

1996 жылы жанұя құрған,бір баласы бар.