Қобда аудандық балалар өнер мектебіне жаңа директор тағайындалды
Қобда аудандық балалар өнер мектебінің директоры болып Айсина Асыл Орынбасаровна тағайындалды.
Асыл Орынбасаровна 1981 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, педагог-зерттеуші.
2003 жылы Ақтөбе «Дүние» университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолы:
- 1999 – 2000 жж. Калиновка орта мектебінде балалармен жұмыс жасайтын әдіскер.
- 2000 – 2002 жж. Калиновка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- 2002 – 2005 жж. Қобда аудандық білім бөлімінде әдіскер.
- 2005 – 2006 жж. Егіндібұлақ ауылындағы И.Құрманов атындағы бастауыш мектептің меңгерушісі.
- 2006 – 2008 жж. Сол мектептің негізгі мектебінің директоры.
- 2009 – 2012 жж. Қобда аудандық білім бөлімінде әдіскер.
- 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қобда аудандық білім бөлімінің әдістемелік орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.
Жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!
Пікірлер қосу