Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Сәти Жанболат Мұхамбетқалиұлы 1995 жылы, Ақтөбе облысы,Қобда ауданы, Қиыл ауылында дүниеге келді. 2000 жылы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы ,Қосөткел ауылында «Қосөткел негізгі мектебінде» оқуды бастады. 6 сыныптан бастап өнерге деген қызығушылығы артып, мектепшілік іс-шараларға белсенділік танытты. 

2011 жылы орта мектепте 11 сынып оқып жүргенде Шалқар қаласында өткен облыстық «ШҰҒЫЛАЛЫ ШАhАРЫМ» атты О.Терековтің әнін орындап «Бас жүлде» иеленді. Мектепшілік аудандық іс-шараларға, сондай-ақ ауданның, облыстың намысын қорғап, беслсенділік танытқаны үшін аудан әкімі Жүсіпалиев Асқар Қазиханұлының марапатына ие болды.

2013 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Мәдениет және саз бөліміне» грантқа түсіп 2016 жылы мектептегі музыкалық білім беру мамандығын үздік (қызыл) дипломмен аяқтады. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда орта мектебіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2017 жылы жұмысқа орналасып баспаналы болды. Қазіргі таңда Қобда аудандық балалар өнер мектебінде вокал класының мұғалімі. 2018-2019 оқу жылында облыстық «Әнім-сенсің, Астана» атты композторлар арасында Тойбазар Қорланнын сөзіне әнің шығарып «Арайлы Астана» атты әнімен «үздік» орындаушы номинациясын жеңіп алды, «Асқақтайбер ,Астана!» облыстық патриоттык әндер байқауында бас жүлде ,«Шеберлік сатылары»,мүғалімдер арасында облыстық патриоттық әндер байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, «Метроном» Республикалық фестиваль байқауы «Шығармашық «ALEM TALANT STARS» ОБЛЫСТЫҚ ан байкауы 1 орын иеленді, Орал қаласында өткен республикалық «Өнерімен өрілген өмір» атты  байқауында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы «Аймақты әнмен тербетіп» атты Ырғыз өнер мерекесінде «БАС ЖҮЛДЕ» Т.Жүргенов атындағы ТӨС БЕЛГІ 150000 ақшалай сыйлыққа ие болды, Облыстық «Үш жұлдызы батыстың» атты патриоттық байқауда «БАС ЖҮЛДЕ» жеңіп алды, 2018 жылы «ЕРКЕЛЕЙ АҚҚАН –ОР ӨЗЕН» атты байкауда АРНАЙЫ жүлдеге ие болды 2019 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ « Ерен еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелен ұрпақты тәрбиелеуге қосқан еңбегі үшін: МИНИСТР  А АЙМАГАМБЕТОВ Алғыс хаты мен марапатталды 2021 жылы «БАБАЛАР ҮНІ» байкауында Бас жүлдеге ие болды, 2022 жылы «Ақтобелік композиторлардын» әндерін орындауды Авторлык Аймұрат Мәжікбаевтын «Мой город Актобе» әнін орындап 1 орынға ие болды

2024 жылдың казан айынын 9 күні Орал қаласында өткен Республикалық «АҚҰЛПА» Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдығына ұйымдастырылған композиторлар байқауына «Ақ Жайық айдыны» өленіне әнің шығарып II- дәрежелі диплом 300.000 ақшалай сыйлыққа ие болды.  

Дусаева Әсел Маратқызы қазіргі таңда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті Азаматы», ұстаз, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі, профессор Марат Әйтімов Олжабайұлының оқушысы. Латвияда өткен "Riga Symphony" Халықаралық байқауында "Халық әні" номинациясы бойынша Әсел Дусаева Бас жүлде иеленді.

Ташкент қаласында өткен “Talanttar Alemi-25” Халықаралық көпжанрлы шығармашылық байқау фестиваліне қатысып Бас жүлдеге ие болды.

2022 жылы «ҰЛЫ ҚОБДА» триосын құрды. Трионың алғашқы дебюттік әні «Дарындылар маршы».

Әндері:

  1. «Қасиетті Қобдам Құтты мекен» Сөзі Қ.Тойбазар, әні Сәти Ж
  2. «Тәуелсіз елім» Сөзі Орынбасар Б, әні Сәти Ж
  3. «Арайлы Астана» Сөзі Қ.Тойбазар, әні Сәти Ж
  4. «Дарындылар маршы» Сөзі Ашенова С, Орынбасар Б, әні Сәти Ж
  5. «Рухты мекен» Сөзі Қабылов А, әні Сәти Ж
  6. «Сапура» Сөзі Орынбасар Б, әні Сәти Ж
  7. «Туған ел» Сөзі Қабылов А, әні Сәти Ж
  8. «Досыма» Сөзі Қабылов А, әні Сәти Ж
  9. «Ақжайық айдыны» Сөзі Бақтыгереева А, әні Сәти Ж
  10. «Сезім гүлі» Сөзі Ізбасар Ж, әні Сәти Ж