Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ҚР Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға ұстазы, доцент, өнертану ғылымдарының магистрі.
Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы 1965 жылы 10 ақпанда Қобда ауданында дүниеге келген. 
Ауданымыздағы қарашаңырақ – Қобда қазақ орта мектебінің түлегі.
1984 жылы Ақтөбе музыкалық училищесін, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, 2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмәмдаған. 
Нұргүл Бижанқызы – ұстаз, Өнертану ғылымдарының магистрі, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, «Кәусар» жетігеншілер ансамблінің жетекшісі, сонымен қатар жетіген аспабын Қазақстанға алғаш жетіген аспабын енгізуші.
Еңбек жолын 1988 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Сазген» ансамблінен бастаған болатын.
2003-2011 жылдар аралығында К.Бәйсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде мұғалім, ал 2011 жылдан бері бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында дәріс береді. 
Шәкірттері халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері.
Еңбектері: 2015 жылы «Оқу әдістемесі», «Жетіген үйрену мектебі», 2011 жылы «Жетіген аспабының құрылымы мен ойнап үйрету әдістемесі».
2016 жылы Н.Назарбаевтың бастамасымен туған жерді қадірлеу, құрметтеу мақсатымен еліміздің барлық өңірлерінде «Туған жерге тағзым» атты акция басталған болатын. Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының ежелден келе жатқан салты.Бұл ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін зерттей отырып, алға қадам басады.Болашаққа рухани мәдениетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Осы тұрғыда туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматшаның бірі –Нұргүл Бижанқызы.
Қобда аудандық балалар музыка мектебіне «Туған жерге тағзым»бағдарламасы бойынша Алматы қаласының Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, «Кәусар» жетігеншілер ансамблінің жетекшісі,өнертанушы Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы 1 миллион теңгеден асатын ( аспаптармен) қолдау көрсетті.
Білімі - жоғары. 1984 жылы Ақтөбе музыкалық училищесін, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, 2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмәмдады.
Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы – ұстаз, өнертанушы. Жетіген аспабын жаңғыртып жүрген санаулы жандардың бірі. 
 Ұлт мәдениеті рухымыздың темір қазығы. Өнер- адамның дүние танымына, сеніміне, адамгершілік- моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына оң әсер береді.Халқымызда ел іші- өнер кеніші деген аталы сөз бар.Ата – бабамыздан бізге мұра болып жеткен ұлттық өнеріміз , руханиянатымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын аспаптар көрмесі –Өнер сквері 2022 жылы ашылған болатын. Осы скверде Нұргүл Бижанқызының алғашқы ұстаған жетіген аспабы Қобда ауданының көрермен көзайымына айналды.
Қазақ халқы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасының маңызды саласы.Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес халыққа белгілі бір тарихи кезеңнің таным түсінігінен, өмір салтынан сұлулық туралы ой талғамнан хабар береді. Атап кетсек жетіген, қылқобыз, сыбызғы, сазсырнай, су ағаш, дабыл, құссайрауық, ортеке, асатаяқ, шіңкілдек, шаңқобыз, аспаптарымен қоса кітаптар мен партитуралар сыйға тартып екі рет Алматы қаласынан 1 апта мұғалімдерімізді тегін оқытуға шәкірттерін жіберіп фольклорлық ансамбль құруға көмегін көрсетті. Жыл сайын оқытқан шәкірттерін (онлайн) қашықтықтан шеберлік сағаттарын өткізіп шыңдап келеді. Жетіген аспабын жанына серік еткен оқушылар облыстық, ресрубликалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. 
Демеушілікпен келген суағаш, құссайрауық, шіңкілдек, сазсырнай сынды аспаптар мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған облыстық,республикалық байқауының жеңімпазы «Кең дала» этно-фольклорлық ансамблінің аспаптар қорын толықтырып, ойнайтын шығармаға шырай беруге.Атап кетер болсақ аудандық,облыстық деңгейде өтіп жатқан мерекелік шараларда ансамбльдер халық алдына шығып өнер көрсеткенде, әсем әуеннен шабыт алған көрерменнің қолдауына ие болды. Сонымен қатар облыстық ансамбльдер арасында өткен байқауға өнер мектебінің «Кең дала» этно- фольклорлық ансамблі қатысып, «Х а л ы қ т ы қ» атағын қорғап келді.