Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында “Ата салтым - кең пейіл, дархан данам” атты іс - шара өтті. Бұл шара қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлерін жас ұрпаққа насихаттауға арналды.
Қазақ халқының ұлттық болмысы мен ерекшелігі оның салт - дәстүрінде көрініс табады. Әрбір ғұрып - ұлттың сан ғасырлық тәжірибесінен туған даналық. Іс - шара барысында ата - баба жолы, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің маңызы айтылып, жастарға рухани тәрбие беру мәселесі көтерілді.
Осындай шаралар арқылы ұрпақ сабақтастығы жалғасып, халқымыздың асыл мұрасы сақталады!