Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қобда балалар өнер мектебінің 50 жылдық мерейтойы өтті

Қобда ауданында Балалар өнер мектебінің 50 жылдық мерейтойына арналған есеп беру іс-шарасы өтті. Күннің алғашқы бөлігінде конференция мен шеберлік сағаттары өтті.

Мерекелік шараға облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев, ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы басшылары, ата-аналар мен өнер жолын серік еткен талантты шәкірттер қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев өнер мектебінің ұжымын айтулы мерейтойымен құттықтап, арнайы төс белгі мен алғыс хаттар табыстады. Ол өз сөзінде мектептің жарты ғасырлық тарихында аудан мәдениетіне қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, алғысын білдірді.

Мерекенің аясында өнер мектебінің гимні мен жаңа әндердің тұсаукесері ұйымдастырылып, арнайы шығарылған жинақ кітаптың таныстырылымы өтті.

Қобда балалар өнер мектебінің жарқын жетістіктері мен биік белестерін айқындайтын бұл кеш – өнерге құштар ұрпақ үшін үлкен шабыт сыйлаған ерекше күн болды. 50 жылдық тарихы бар мектептің алар асулары әлі де алда екеніне сенімдіміз!