Құт қонған мекеніміз Қобда өңірі тағы да қуанышты жаңалықпен бөлісті.
Еліміздің "Мәдени мұра" бағдарламасына сәйкес игiлiктi жұмыстар оң бағыттарын алуда, оның ішінде біздің ауданымыз да өз үлесiн ұдайы қосып келеді. Оның дәлелі бүгінгі - "ӨНЕР СКВЕРІНІҢ" ашылуы.
Мәдениет пен өнерді жоғары бағалап, сквер алаңын ұлттық аспаптармен көріктендіру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар ауданымыздың ақсақалдары мен басшылары жиналып, сквер маңын "тал егу" акциясымен де көркейтуге ат салысқан болатын.
Аудан әкімі Б.Кулов ұстаздар күніне орай ашылған өнер скверіне тұрғындарды құттықтау үшiн барып, бiрге тамашалады.