Қобда аудандық балалар мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті. Кештің мақсаты ақиық ақын артына өшпейтін із қалдырған М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Мұқағали поэзиясының халыққа кең таралуының мәні мен оның өмір шеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.
Әдеби – сазды кеште миллион сырлы сезімнің иесі Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылып, қыран тағдырлы ақынның өмір жолынан деректері көрермен назарына ұсынылды.