Сіз-Ұстазсыз,барша жан ардақтайтын,
Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.
Еткен еңбек,төккен тер жемістерін,
Көретін кезде келді ұлықтайтын-демекші Қобда аудандық балалар өнер мектебінің ұстазы Сәндібай Зұпарұлының 63 жас мерейтойына арналған шара өтілді. Шарада Сәндібай Зұпарұлының өмірбаяны, оқыған орындары, еңбек еткен қызмет орындары сонымен қатар бірге оқыған студенттік кездегі группаластарының ізгі тілектері тыңдалып, күй шертіліп, ән шырқалды. Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Айжарыков Нұрлыбай Узбекович пен Қобда аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ыбыраев Қуанышкерей Жолайұлы алғыс хатпен марапаттады.