ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, жас сазгер, Қобда аудандық балалар өнер мектебінің вокал класының мұғалімі Сәти Жанболат Мұхамбетқалиұлы “Қайырлы таң, Ақтөбе” бағдарламасында!
Сәти Жанболат “Қайырлы таң, Ақтөбе” телебағдарламасында қонақта болып, авторлық әні «Ақжайық айдыны» атты әнің шырқап көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады!
Бағдарлама барысында шығармашылығы, ұлттық өнерді дәріптеу жолындағы еңбектері мен алдағы жоспарлары жайлы сұхбат өрбіді. Сондай-ақ, әсем әндер шырқалып, рухани өнеріміздің маңыздылығы сөз болды.
Бізді қолдап, өнерімізге құрметпен қарайтын барша тыңдармандарға алғысымыз шексіз!
