“Жанат” әншілер тобы “Қайырлы таң, Ақтөбе” бағдарламасында!
Дәстүрлі “Жанат” әншілер тобы жетекшісі Жанат Бисенбіқызымен бірге “Қайырлы таң, Ақтөбе” телебағдарламасында қонақта болып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады!
Бағдарлама барысында топтың шығармашылығы, ұлттық өнерді дәріптеу жолындағы еңбектері мен алдағы жоспарлары жайлы сұхбат өрбіді. Сондай-ақ, әсем әндер шырқалып, рухани өнеріміздің маңыздылығы сөз болды.
Бізді қолдап, өнерімізге құрметпен қарайтын барша тыңдармандарға алғысымыз шексіз!