Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қобда аудандық балалар өнер мектебі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қобда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» педагог қызметкерлерінің тамыз Конференциясы аясында қосымша білім беру педагогтеріне арналған аудандық панельдік секция жұмысы аудандық балалар өнер мектебі базасында өткізілді.

Секциялық отырыс барысында педагогтер білім беру мазмұны арқылы адал, ұлтжанды азамат пен кәсіби маман қалыптастыру жолында үздік тәжірибемен алмасып, жаңа идеяларға қанықты.

Қатысушылар 2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысып, өзекті мәселелерді спикерлермен бірге талқылады. Аудандық білім бөлімі жанындағы әдіскерлері тарапынан бағыт-бағдар берілді, шешу жолдары ұсынылды.

Отырыс соңында бірауыздан қорытынды ұсынымдар қабылданды.